Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

«Соңғы парызым»: заңгер Мейірман Шекеев Шерзаттың зиратына барды

Танымал заңгер Мейірман Шекеев марқұм Шерзат Полаттың зиратына барып, құран бағыштап қайтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Соңғы парызым»: заңгер Мейірман Шекеев Шерзаттың зиратына барды
фото: әлеуметтік желіден

Видеодан Шерзаттың әкесі Қаржаубай, марқұмның анасы мен апасы көруге болады.

Соңғы парызым Шерзаттың басына барып, құран оқыту еді, - деді заңгер. 

Заңгер Шерзаттың әкесін бастапқыда жанары сөнген, көзінде тек мұң еді, өмірге деген құлшынысы жоқ, үміті сөнген жан екенін айтты.

Бар айтқаны "аға Шерзаттың ісі сізге аманат" - деп, ауыр жүкті маған мойныма жүктей салып еді. Әуелі Алла, сосын елдің қолдауымен аманатын орындап, үмітін ақтап шықтық деп ойлаймын. Қаржаубайдың күлгенін көру - соның белгісі шығар. Аллаға сансыз шүкір еттім, — деді ол.