Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

«Кейде кешіру де, түсіну де мүмкін емес»: Айсәуле Бақытбек әкесі туралы ойын айтты

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы, блогер Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде әкесі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлады paryz.kz.

«Кейде кешіру де, түсіну де мүмкін емес»: Айсәуле Бақытбек әкесі туралы ойын айтты
Коллаж: sn.kz

Блогерге оқырмандарының бірі "Әкеңізді кешірдіңіз бе?" деген сұрақ қойған.

Айсәуле Бақытбек бұл сұраққа жауап беріп, болған істі қабылдайтынын айтты.

"Кешіру мен түсіну кейде мүмкін емес. Бірақ мен қабылдаймын және жақсы көремін. Осы жеткілікті болады деп үміттенемін", - деп жауап жазды ол.