Прямая трансляция

Астана

Астана

27°C

Қызылордада мектеп оқушысының мәйіті табылды

Қызылордада мектеп оқушысының мәйіті табылғаны туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қызылордада мектеп оқушысының мәйіті табылды
Фото: freepik.com

Оқыс оқиғаның бастапқыда мектеп аумағында болғаны хабарланған. Алайда, Қызылорда қаласының білім бөлімі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі әлеуметтік желіде тараған жалған ақпарат туралы төмендегі мәліметті хабарлайды. Осы жылдың 28 мамыр күні, сағат 06:20 шамасында Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы өз ауласында өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайымен құқық қорғау органдары тергеп-тексеру жұмысын жүргізіп жатыр. Оқиға мектеп қабырғасында болмаған. Сондықтан әлеуметтік желі қолданушыларына жалған ақпарат таратпауды сұраймыз», - делінген қалалық білім бөлімі хабарламасында.