Қайғылы оқиға 1 маусым күні Ақмола облысының Зеренді ауданында болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бар ақпаратқа сәйкес, 37 жастағы ер адам мен оның 9 жастағы ұлы мал бағып жүрген кезде найзағай түскен. Найзағайдың жарқылы екеуіне де ажал құштырды. Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Зеренді ауданы тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған ұлының қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
– Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады, – деп атап өтті ведомстводан.
Бұған дейін Ақтөбеде бір апта бұрын жоғалып кеткен дәрігердің мәйіті табылғаны хабарланған. Полиция бұл факті бойынша да қылмыстық іс қозғаған.