Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

"Қол да ұстаспаған”: Күйеуі қызғаныштан өлтірген әйелдің 20 жылдыққа барған соңғы видеосы тарады

20 жылдыққа барған әйелін қызғанған ер адам оны өлтірді. Ол әйелін ұрып-соғып, оны сүйреп, атқа байлап, содан кейін атып өлтірді, деп хабарлайды Paryz.kz MADENIPORTAL.KZ—ке сілтеме жасап.

"Қол да ұстаспаған”: Күйеуі қызғаныштан өлтірген әйелдің 20 жылдыққа барған соңғы видеосы тарады
фото: видеодан скриншот

Қайғылы оқиға Қырғызстанның Ош қаласы, Қара Құлжа ауданында болған. Әйелін өлтірді деген күдікпен 40 жастағы күйеуі ұсталды.

26 мамырда полицияға 37 жастағы әйелдің ауруханаға жетпей алған жарақаттарынан қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Ош облыстық милициясында "кісі өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды.

Қайтыс болған адамның 40 жастағы күйеуі ұсталды және уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Әлеуметтік желіде келіншектің 20 жылдық кездесуге барған видеосы тарады.