Ош облысының Өзген ауданында 40 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Ош облыстық ішкі істер басқармасы хабарлады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыс қызғаныш себептерінен орын алған.
Олардың айтуынша, күдікті әйелін мектепте бірге оқыған сыныптастарының кездесуіне барғаннан кейін бұрынғы парталасынан қызғанып, соққыға жыққан және оқ атқан. Ер адам әйелін ұрып-соғып, кейін оған оқ атқан, – деп нақтылады ішкі істер басқармасында.
Ош облысының Өзген аудандық ішкі істер бөліміне 26 мамыр күні Кара-Кульджин ауданында тұратын 1987 жылы туған А. Э. есімді әйелдің жарақат алып, ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.
Аталған оқиға бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта 40 жастағы ер адам. ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.