Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

«Соттың көзі жеткен жоқ»: Шерзаттың сотында судья сотталушының анасына ескерту жасады

Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында Равиль Сакиевтің анасы жәбірленуші тараптың ұсынысына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Соттың көзі жеткен жоқ»: Шерзаттың сотында судья сотталушының анасына ескерту жасады
фото: видеодан скриншот

«Біз айыптаушыларды қолдаймыз. Іс жарты жыл бойы зерделеніп, тергеуші мен прокурорлардың келісімімен жіберілді. Бұл жерде 2,5 ай отырмыз. Айғақты дәлелдерді көріп отырмыз. Соттың көзі де жетті деп ойлаймыз», - деді сотталушы Равиль Сакиевтің анасы.

Бұл пікірге қатысты судья Ержан Жанұзақов «соттың көзі жеткен жоқ» деп оған ескерту жасады. 

«Сот 9 сотталушыға ғана және сотқа берілген баптар бойынша ғана сот тергеуі жүргізіледі. Сот отырысында айтылған куәлар сотқа берілмеген. Оларға қатысты жауапкершілікті сот шешепейді», - деді ол. 

Осыған дейін жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сотта куәгер ретінде жауап берген Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіні оқиғаны жасырып, хабарламағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысын Алматы облысының прокурорына жолдаған еді.