Халық әртісі Мақпал Жүнісова арықтауға қатысты пікір жазған оқырманына ренішін білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесінің желіге жүктеген фотосы сынға ұшырап, оқырмандарынан сөз естіді.
“Мақпал апай, кішкене арықтасаңызшы. Спорт залға барыңыз. Тура Бибігүл Төлегенова болып қалыпсыз”, – деп жазды тыңдарманы. Халық әртісі де пікірді назарына алып, жауап қатты. “Мен сізге модель емеспін. Бибігүл апама ұқсасам жаман емес екен”, – деп жазды әнші.
Сондай-ақ өнер иесі бала күнінде дене бітімінің қандай болғанын да айтып берді.
“Менің бала күнімдегі түріме туған сіңлімнің қызы ұқсайды. Шашым, бұйра топ-томпақ едім. Бауырсақ пен қаймақты күнде жесем де жалықтырмайтын еді”, – деп жазды халық әртісі.