Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Мектеп директоры Димаштың челленджінде жеңіске жетіп, Лондонға жолдама алды

Әнші Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне билетті желі жұлдызына айналған мектеп директоры ұтып алды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Мектеп директоры Димаштың челленджінде жеңіске жетіп, Лондонға жолдама алды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Ақмоншақ Нұртаза – Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының директоры.

Ол 11-сыныпты тәмамдаған түлектерімен бірге Димаштың орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне арналған челлендж түсірген. Директордың видеосы дәл қазір өзінің Instagram парақшасында 3,1 миллион қаралым жинап, челлендж аясында түсірілген видеолардың ішінде көш бастады.

Ақмоншақ Нұртазаның видеосы кеше Алматыда өткен Димаштың концертінде сахнада көрсетілді. Ал концерттен кейін әншінің анасы Светлана Айтбаева мектеп директорына табыс етті.