Ақмола облысындағы Қосшы қаласында мұғалімдер мектепте төбелесті, деп хабарлады Paryz.kz.
Оқиға салдарынан бірінің жағы сынып, екіншісінің көзі көгерген.
«Қолымды созып амандаспақшы болдым. Біреуінің бетіне тиіп кетті. Кейін спортзалға шақырды. Сосын барғанда бетімнен ұрды. Біреуі мені ұстап тұрды, біреуі насоспен он шақты рет ұрды», — Бекарыс Жақсыбаев IT мектеп лицейінің мұғалімі.
Ал екінші мұғалім болса керісінше өзінің ұстаздық абыройына нұқсан келтіргені жайлы айтқан. Тарих және математика пәні мұғалімі арасындағы жанжал ізімен қылмыстық іс қозғалды.