Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

«Сенімен мақтанамын»: Баян Алагөзованың күйеуі қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлады

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Алматыда тұратын 100 қызметкеріне пәтер бермек, деп хабарлады Paryz.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

«Сенімен мақтанамын»: Баян Алагөзованың күйеуі қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлады
фото: видеодан скриншот

Бұл туралы кәсіпкердің әйелі, танымал продюсер Баян Алагөзова мәлім етті. 

«Тұрсын, мен барлық оқырманыма, қазақтандықтарға сенімен өте қатты мақтанатынымды айтқым келеді. Сен – менің мақтанышымсың. Сен жарадың! Сенімен неге мақтанатынымды түсіндіріп берсең», - деді продюсер.

Тұрсын Алагөзов өзімен бірге 20 жыл бойы еңбек еткен әрі ұжымда ауыр жұмыс істейтін азаматтарға 100 баспана сыйлайтын айтты. Ол бұл идея 2024 жылы келгенін атап өтті. 

«Бұл адамдар менімен 20 жыл бойы еңбек еткен адамдар. Комиссия құрып, нағыз мұқтаж жандарды таңдадық. Олардың көпшілігінде бірде-бір пәтер жоқ», – деді ол.

Алагөзов баспанаға мұқтаж адамдардың басым бөлігі – қарапайым жұмысшылар екенін ерекше атап өтті.

Мысалы: еден жуатын кісілер; жүргізушілер; жүк тасымалына жауапты адамдар.

Ал басшылық қызметтегі қызметкерлердің үлесі 3-4 пайыздан аспайды деп отыр ол.