Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Сотта Шерзат Полаттың нақты неден өлгені анықталды

Шерзат Полаттың өліміне қатысты бүгінгі сот отырысында прокурорлар мемлекеттік сот сарапшысы Мұхит Оразбекұлын шақырып, баланың неден өлгенін сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Сотта Шерзат Полаттың нақты неден өлгені анықталды
фото: видеодан скриншот

«Сол жақ кеуде қуысына еніп, шаншылған, кесілген жарақат анықталды. Аталған жарақат артқы қолтық асты сызығының арасында, 5-6-шы қабырғалардығ ортасынан табылды. Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігін жарақаттаған. Сыртқы жарақаттың көлемі 2 см. Жара арнасы арттан алдына қарай, солдан оңға қарай, жоғарыдан төменге қарай орналасқан. Жарақаттың тереңдігі 12 см», - деді сот сарапшысы.

Оның айтуынша, баланың оң көзінің асты да қанталаған.

«Оң қолының сыртқы саусақтарының ортасында қанталау бар. Көзінің астында жарақаттар бар. Оң жақ иығында екі көгерген жер бар. Сол қолындағы саусақта сызат бар. Желкесінде қанталау болды. Өлімге себеп кеудеге кірген өткір заттың жарақаты», - деді ол.