Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Зейнетақы қоры алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін хабарлады.

Зейнетақы қоры алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті
фото: qov.kz

Қордың мәліметінше қаскүнемдер өздерін мемлекеттік органдардың немесе қаржы ұйымдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметіне қол жеткізуге тырысады.

"БЖЗҚ" АҚ қызметкерлері телефон арқылы қоңырау шалмайды. ЖСН, жеке куәлік нөмірі, SMS растау кодтары, қолданбалар мен басқа қызметтердің құпия сөздері туралы мәліметтерді беруіңізді өтінбейді", - дейді қор мамандары.

Сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры телефон арқылы ықтимал күдікті әрекеттер немесе "қаражатты бұғаттау" қажеттігін айтпайды. Ал кез келген ресми ақпаратты салымшының жеке кабинеті немесе қордың ресми сайтынан алуға болады.

Салымшы қор филиалына да өзі барып, қажетті ақпаратты сұрай алады.

Қауіпсіздік шаралары: телефон шалғандар өзін "БЖЗҚ" АҚ немесе мемлекеттік құрылымдардың қызметкері ретінде таныстырса да, құпия деректерді айтпау;

түскен ақпараттың дұрыстығын ресми дереккөздер (www.enpf.kz сайты, 1418 байланыс орталығы) арқылы тексеру; күмәнді қоңыраулар немесе хабарламалар түскен жағдайда байланысты дереу үзіп, алаяқтық әрекет туралы құқық қорғау органдарына хабарлау.