Жетісу облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы сотталды, деп хабарлайды paryz.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Талдықорған қалалық соты облыс бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы А. Сағымбековке және "Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы" АҚ басқарма төрағасы А. Күзембаевқа қатысты үкім шығарды.
«Лауазымды тұлға пара алғаны үшін, ал квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы – 2025 жылға арналған өңір халқы үшін электр энергиясын тасымалдау тарифінің көрінеу жоғары құнын бекіткені үшін 500 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды», - делінген хабарламада.