Прямая трансляция

Астана

Астана

21.92°C

Теміртауда жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскен адам қамауға алынды

Теміртау қаласындағы жағажайда жыныстық қатынасқа түскен ер мен әйел жазаланды, деп хабарлайды Paryz.kz Қарағанды облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміртауда жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскен адам қамауға алынды
фото: видеодан скриншот

Сот оларды қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасап, айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі деп таныды.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, ал әйелге 78 640 тенге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада. 

Айта кетері, әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында "мамочки Темиртау" атты пабликте ер адам мен әйел адамның Теміртау қаласындағы жағажайда әдепсіз қылықтар жасағаны анықталған.