Прямая трансляция

Астана

Астана

10.5°C

«Өлікті» лифтіге кіргізіп, пранк жасаған блогерлер қамалды

Астанада бейнеролик түсіріп, пранк жасаған блогерлер қамалды, деп жазады Paryz.kz.

«Өлікті» лифтіге кіргізіп, пранк жасаған блогерлер қамалды
фото: видеодан скриншот

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында блогердің екі серіктесімен бірге "хайп" үшін көпқабатты тұрғын үйдің лифтіне жалған мәйітті қойған сәті түсірілген бейнероликті анықтады.

Сол сияқты екінші видеода бір адам лифтіге жүгіріп кіреді, екіншісі жараланған кейіп танытады, ал үшіншісі қолына балта ұстаған. Олардың әрекеті лифтіге кірген азаматтарды қатты шошытып, күйзеліске түсуіне себеп болған.

Мұндай "әзілдер" – моральға жат әрі қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер. Олар қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін.

Барлық қатысушы анықталып, ұсталды және жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен бастамашы 30 тәулікке қамалса, қалған екеуіне 15 тәуліктік әкімшілік қамау тағайындалды.