Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Шерзат соты: Сотталушы өтірік айғақ бергенін мойындады

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Шерзат соты: Сотталушы өтірік айғақ бергенін мойындады
Фото: Жоғарғы сот

Бүгінгі сот отырысында күдікті Азамат Тоқтаубаевтан жауап алынып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы «Қамажай» дүкенінің алдында түсірілген бейнежазбаны қосуды сұрады. Онда мемлекеттік айыптаушы Азамат Тоқтаубаевтың іс-қимылына мән берді.

Сотталушы өз кезегінде дүкеннің алдында Нұрқанатпен амандасқанын, жағдайдың мән-жайын білуге тырысқанын алға тартып, төбелеске бармағанын атап өтті.

Айыпталушының сөзінше, кикілжің барысында Дархан Әскентайға ашулы болған. Сондықтан осы жағдай бойынша өтірік айғақ берген. 

— Дархан жайлы қарама-қайшы жалған айғақ бердім. Себебі ол кезде Дарханға ашулы едім. Бізбен бірге жазаға тартылсын деп өзіммен бірге ала кеткім келді. Дарханның қатысы жоқ, ол ешкімді ұрмады, қолында ешқандай пышақ болған жоқ. Мен өтірік айғақ бердім, сол үшін қазір өкінемін, — деді Азамат Тоқтаубаев.