Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа ресми түсініктеме беріп, жалған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz.
— Бұқаралық ақпарат құралдарынан түскен көптеген сауалдарға жауап ретінде хабарлаймын: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, — деп жазды Үкібай.