Желіде марқұмды ақтық сапарға шығарып салған видео тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Кадрлардан жиналғандардың ақша шашып жатқанын көруге болады. Ал видео авторы әжесінің 103 жасқа келіп, қайтыс болғанын жазды.
«103 жасқа келіп, біз де осылай абыроймен кетуді бұйырсын», – деп жазды видео авторы.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі мұны бұрыннан бар ғұрып десе, бірі «қазаның аты – қаза» дейді.
«103 жасқа келсе де, адам өлімі болып жатыр ғой, ақша шашып не көрінді», «Кешір, Алла, беташар болып жатыр екен деп ойлап қалдым ғой», «Мен қарсымын, 200-ге келсе де, әкең, шешең, қимайсың ғой», «Той ғой, бәрімізге бұйырсын», «Ел есінен ауысайын деген екен», – деп жазды желі қолданушылары.