Алматы облысында кеше кешке темір жолдан адамның денесі табылды, тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше 7 мамырда сағат 20.52-де Қайрат – Байсерке аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) жүк пойызы бөгде адамның темір жолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданған.
«Оқиға орнында адамның денесі табылды. Пойыз қажетті процедуралар аяқталғанға дейін тоқтатылды. Оқиға орнына полиция келіп, тергеу жүргізілуде», - деп жазылған хабарламада. Компания пойыздар қозғалысы аймағында бөгде адамдардың жүруіне тыйым салынғанын еске салды.