Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

«Отқа май құю шариғатқа қарсы»: Ардақ Назаров тағы елді шулатты

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров “отқа май құю” шариғатқа қарсы деп мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Отқа май құю шариғатқа қарсы»: Ардақ Назаров тағы елді шулатты
Фото: todayinfo

“Ақылға қонымды ырым-тыйымдар болса, мен оны қолдаймын. Ал егер шариғатқа сәйкес емес, әр түрлі зиян келтіретін ақылға қонымсыз ырым-тыйымдар болса мен оны қолдамаймын. Мәселен, отқа май құю дейміз.

Тағы қайсын айтсақ болады? Көп қой енді ырымдар… Біздегі ырым-тыйымдардың көбісі хадистермен байланысты екен. Яғни біздің Ислам дінімен біте қайнасып кеткен ырым-тыйымдар өте көп екен.

Соңғы кезде соны оқып таңғалдым. Мысалы, табалдырықта тұрмау, есікті кермеу сияқты ырым-тыйымдар түп негізі хадиске негізделген екен”,- деді Ардақ Назаров.