Тик-Ток әлеуметтік желісінде имам Жарқын Мырзатай 4-әйел алды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Paryz.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Белгісіз TikTok қолданушысы өз парақшасына Жарқын Мырзатаймен түскен жас қыздың суретін жариялап, екеуінің үйленгені туралы жазған болатын.
«Белгілі имам Жарқын Мырзатаев жап-жас әйел алыпты. Міне, есімі Нұрғаным екен. 2005 жылғы құтты болсын. Енді мынау төртіншісі. 3 әйелінен 17 бала бар», — деп жазды ол.
Бұл ақпаратқа фактчек жасау мақсатында Orda.kz Жарқын Мырзатайдың өзіне хабарласты. Имамның айтуынша, бұл ақпарат жалған.
«Бұл тәңіршілдердің істеп отырғандары. Мен туралы олар 2 күн сайын жазып отырады. Бұған дейін «өлді», «аурханаға түсті», «сотталды» деген ақпараттар тараған болатын», – деді Жарқын Мырзатай.
Сондай-ақ имам қасында тұрған қыздың кім екеніне де түсініктеме берді.
«Суреттегі өзіміздің фирмамызда бірге қызмет атқаратын Нұрғаным есімді қарындасымыз. Ол ақпарат жалған. Ондай бейнелерден тағы біреуі де келіп тұр. «Жарқын Мырзатай бүкіл қазақтың сөзі араб тілінен аударылған» деген, сосын «Жарқын Мырзатайдың айлығы 900 000 теңге екен. Ол соған мәз болып отыр» деген ақпараттар тарап жатыр. Өзіміздің үйде не болып жатқанын солардан естіп отырмыз», – деп түйіндеді ол.