Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

1 млрд теңге жымқырған бұрынғы вице-министр 3 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты бұрынғы спорт министрі Ерлан Қожағапановқа үкім шығарды. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды paryz.kz.

1 млрд теңге жымқырған бұрынғы вице-министр 3 жылға сотталды
Фото: primeminister.kz

Ол Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуге 2018 жылы бөлінген 1 миллиард теңгені жымқырды деп танылып, Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп танылды.

Екінші айыпталушы — “Success K” компаниясының басшысы Ляззат Көккөзова 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша айыпталған. Ерлан Қожағапанов екі рет Мәдениет және спорт вице-министрі (2017-2019, 2021 жылдары), сондай-ақ Премьер-министрдің кеңесшісі (2016-2017, 2021-2022 жылдары) қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, ол 2019-2021 жылдары Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған.