Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Қазақстанда биыл бақылау тарихындағы ең ыстық жаз болды

2026 жылдың жазы Қазақстанда метеорологиялық бақылаудың бүкіл кезеңіндегі ең ыстығы болды. Маусымдық ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 2,15 градусқа жоғары, деп хабарлайды paryz.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанда биыл бақылау тарихындағы ең ыстық жаз болды
Фото: depositphoto

Температура нормадан 2,15 градусқа асты

Температураның ауытқуы Қазақстан аумағының басым бөлігінде байқалды. Климаттық нормадан елеулі ауытқу Ақмола және Қарағанды облыстарының шығысында, Павлодар облысында, Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде және Абай облысында тіркелді.

Ең жоғары ауытқу +4 градус болды. Мұндай көрсеткіш Қарағанды облысындағы Бесоба метеостанциясында тіркелді.

Жауын-шашын мөлшері нормадан аз болды

Бұл ретте 2026 жылдың жазы жоғары температурамен ғана ерекшеленген жоқ. Жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан 7,12 миллиметрге аз болды. Жауын-шашын ел аумағы бойынша біркелкі болмады: әртүрлі аймақта мөлшері айтарлықтай өзгешеленді.