Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Саябақта екі қызға тиіскен ер адам қамауға алынды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы саябақтардың бірінде кәмелетке толмаған екі қызға қатысты сексуалдық сипаттағы заңсыз әрекеттер жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды paryz.kz.

Саябақта екі қызға тиіскен ер адам қамауға алынды
Фото: sputnik.kz

Полиция Қылмыстық кодексінің 121-1-бабы (16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу) бойынша тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдады.

"9 тамызда күдікті Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.

Тәртіп сақшылары кәмелет жасқа толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға ерекше мән берілетінін еске салды.