Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Қызылорда облысында алтынды заңсыз өндірген қылмыстық топ ұсталды

Қызылорда облысындағы Шиелі ауданында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысында алтынды заңсыз өндірген қылмыстық топ ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Топ мүшелері Жаманкөл шатқалында күрделі өндірістік өңдеуді қажет етпейтін табиғи алтынды заңсыз өндірген.

Әрқайсының нақты міндеттері болған. Біреуі алтын іздеушілерді тарту мен өндіру жұмысын ұйымдастырса, енді біреулер тасымалдау мен сатуға жауапты болған.

"Тағы бір бөлігі қауіпсіздікті қамтамасыз еткен. Ал заңсыз әрекетті жасыру үшін аумақтың айналасына бақылаушылар қойылып, мотоцикл мінген адамдар маңайды торуылдаған. Олар бөгде адамдардың немесе мемлекеттік орган қызметкерлерінің келгенін алдын ала ескертіп отырған", - дейді агенттік мамандары.

Ал заңсыз өндірілген алтын Алматы қаласына жеткізілген. Одан түскен ақшаны топ мүшелері өзара бөлісіп отырған. Тінту кезінде құрамында алтыны бар 500 грамнан астам шикізат, 2 арнайы техника, 12 металл іздегіш құрылғы және 6 автокөлік тәркіленді.

Сондай-ақ 2 пневматикалық тапанша мен тегіс ұңғылы мылтық табылды. Қазірке кезде 13 адам қамауға алынды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.