"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы, екі жыл бұрын алаяқтығы үшін сотталған Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты, деп хабарлайды paryz.kz.
Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, сот оны босату туралы шешімді биыл ақпанда қабылдаған.
"Жазасын өтеу барысында Абылай Мырзахметов төрт рет марапатталған, кейінгісін 2025 жылдың қазанында алды. Мінез-құлқының екінші оң дәрежесі және жеңілдетілген жағдайда ұсталуы жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру туралы өтініш түсіруге құқық берді, сотталушы осы мүмкіндікті пайдаланды", - деп хабарлады Павлодар облыстық ҚАЖ департаменті.
Шешімді Павлодар облыстық соты шығарды.