Прямая трансляция

Астана

Астана

25.5°C

"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады": Бүгін ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" 2026 жылдың 27 шілдесіне жасалған арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады": Бүгін ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto

Синоптиктердің болжамына сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыс өңірлерінің таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Кей жерлерде бұршақ жауып, қатты жел соғуы мүмкін. Шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Ал оңтүстік-батыс, оңтүстік, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді. Батыс, оңтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін.