Прямая трансляция

Астана

Астана

20.09°C

Нұрай Серікбайдың өлімі: Алғашқы сот отырысы өтпей қалды

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы өтпей қалды, деп хабарлайды paryz.kz.

Нұрай Серікбайдың өлімі: Алғашқы сот отырысы өтпей қалды
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады. Оның сөзінше, сот отырысы сотталушының тұмауратып, дене қызуының көтерілуіне байланысты қорғау тарапы ұсынған медициналық анықтама негізінде өтпеген.

Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың өкілі, адвокат Омаров Аянхан сот процесін тікелей эфирде көрсетуге және журналистердің қатысуына рұқсат беру туралы өтінішхат ұсынды. Келесі сот отырысы 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 15:00-де өтеді. 

«Жәбірленуші тарап сот процесінің барынша ашық өтуін қолдап, сот отырысын тікелей эфирде көрсетуге және БАҚ өкілдерінің қатысуына рұқсат беру туралы өтінішхат ұсынды. Алайда бұл өтініш бүгін қаралған жоқ. Ол келесі сот отырысында талқыланады», - дейді адвокат.