Прямая трансляция

Астана

Астана

28.85°C

Омбыдағы саябаққа Кемел Тоқаевтың есімі беріледі

Омбы қаласындағы соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь жанындағы саябаққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі – Кемел Тоқаевтың есімі беріледі, деп хабарлайды paryz.kz.

Омбыдағы саябаққа Кемел Тоқаевтың есімі беріледі
Фото: sputnik.kz

Саябаққа Кемел Тоқаевтың есімін беру бастамасын Аймақтық қазақ ұлттық-мәдени автономиясы көтерген. Бұл ұсынысты қалалық кеңес қолдады.

 "Бұл орынның таңдалуының символдық мәні бар. 1945 жылы ауыр жарақат алған сержант Кемел Тоқаев Омбы госпиталіне эвакуацияланған. Жергілікті дәрігерлер заманауи емдеу әдістерін қолданып, оның аяғын ампутациядан сақтап қалды. Соғыстан кейін ол қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі болды. Бүгінде госпиталь ғимаратында жазушыға арналған мемориалдық тақта орнатылған", – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, Омбы қалалық кеңесі орталықтағы жер учаскесіне Қазақстан мен Ресей достығына арналған "Достық жағалауы" атауын беру туралы шешім қабылдады.