Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары тағайындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Ақорданың ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Қанатбек Жайсанбаев 1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.