Прямая трансляция

Астана

Астана

28.61°C

Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшылығынан кетті

Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі.

Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшылығынан кетті
Фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

"Жалғыз акционердің шешімімен "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы лауазымын 2025 жылдың шілдесінен бастап атқарып келген болатын.