Ақтөбеде мүгедек жандарды алдады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
"Күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, түрлі сылтаумен олардың ақшасын иемденген. Мәселен, бір жағдайда ол 51 жастағы әйелге баласының мүгедектік тобын III топтан II топқа ауыстыруға көмектесетінін айтып, одан 400 мың теңге алған", – деп мәлімдеді полиция.
Тағы бір жағдайда күдікті мүгедек баланы тәрбиелеп отырған 27 жастағы тұрғынға тұрғын үй кезегін жылжытып, баспана алуға көмектесуге уәде еткен.
Осы қызметі үшін ол жәбірленушіден 1 миллион теңге алып, уәдесін орындамаған және ақшаны жеке қажетіне жұмсаған. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.