Прямая трансляция

Астана

Астана

23.29°C

ҰБТ-ға дайындаймын деп алдаған күдікті Албаниядан Қазақстанға жеткізілді

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Албаниядағы Елшілігінің қолдауымен бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында аталған елден экстрадициялады.

ҰБТ-ға дайындаймын деп алдаған күдікті Албаниядан Қазақстанға жеткізілді
Фото: видиодан скриншот

2022-2023 жылдар аралығында күдікті интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жоғарғы сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау және жоғарғы оқу орындарына кепілді түрде түсу бойынша қызметтер көрсету туралы көрінеу жалған мәліметтер таратқан.

«Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 32 азамат жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатынан айырылды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың мамыр айында ол Албания Республикасында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды», - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.