Прямая трансляция

Астана

Астана

19.58°C

Салық кодексіндегі "тенге" сөзі түзетіледі

Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты Қазақстанның Салық кодексіне бірқатар түзету енгізілді, ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Салық кодексіндегі "тенге" сөзі түзетіледі
Фото: paryz.kz

Заңға сәйкес Салық кодексіне бірқатар терминологиялық түзету енгізіледі. Кодекс мәтініндегі: "шетелдік" сөзі "шетел азаматы"; "заңнамалық актілер" сөзі "заңдар"; "тенге" сөзі "теңге" деп өзгертіледі.

Одан бөлек "Парламент" сөзі "Құрылтай" болып ауыстырылады. Сондай-ақ бірқатар бапқа "ҚР Құрылтайы" және "Қазақстан Халық Кеңесі" деген тіркестер қосылады.

Ал "республикалық референдум" "жалпыхалықтық референдум" деп атала бастайды.

Сондай-ақ "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астаналар" деп тізімдеу тәртібі "астаналар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар" деп өзгереді.