Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты

Астана қаласы Сарайшық ауданында, Кошқарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасының ғимаратында жертөледегі электр қалқанында өрт шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Фото: видиодан скриншот

Хабарлама түскеннен кейін 2 минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге дереу кірісті.

«Қауіпсіздік мақсатында персонал мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды. Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды», – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.