Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Қытай шахтасында 90 кенші қаза тапты: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Қытай шахтасында 90 кенші қаза тапты: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорда

"Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты", - делінген хабарламада.

Президент жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Еске салсақ, Қытайдың Шаньси провинциясында көмір шахтасында жарылыс болды.

Төтенше жағдай кезінде шахтада 247 жұмысшы болған. Соңғы мәлімет бойына 90 кенші қаза тапты.