Астанада бір топ адам 80 мың теңге үшін ер адамды ұрлап әкетіп, күш қолданған, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Орта Азия мемлекеттерінің бірінің алты азаматы адам ұрлау және өз бетінше билік ету бойынша сотталды.
"2024 жылы 9 желтоқсанда қылмысьық топ қатысушыларының бірі орындалмаған қызмет үшін ақша талап етіп, жәбірленушіге күш қолданып, оны 80 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген", - дейді прокуратура.
Кейін алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жәбірленушіні күтеп Астана қаласының аумағында ұрлап әкеткен. Сотының үкімімен бес адам 8 жылға сотталды.
Тағы біреуі адам ұрлауға көмектескені және өз бетінше билік еткені үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.