Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

ІІМ Қайсар Қамзаға қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов блогер Қайсар Қамзаға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

ІІМ Қайсар Қамзаға қатысты пікір білдірді
Фото: әлеуметтік желіден

Журналистер кулуарда Қайсар Қамзаның Вьетнамда жүргенін және өзін ешкім ұстамағанын айтып видео жариялағанын атап өтті.

Осыған байланысты БАҚ өкілдері ІІМ-нен блогердің Қазақстанға қашан оралатынын сұрады. 

«Блогерге біздің Қаржы мониторингі агенттігіндегі әріптестеріміз іздестіру жариялады. Сонымен қатар оны елге қайтару мәселесімен Бас прокуратура айналысып жатыр», – деді Әділов.