Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Алматы полициясы Бангкоктан келген шетел азаматын ұстады

Алматыда полиция Таиландтан Қазақстанға гашиш майын жеткізбек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы полициясы Бангкоктан келген шетел азаматын ұстады
Фото: видиодан скриншот

20 жастағы жақын шетел азаматы Бангкок - Алматы рейсімен келген.

"Жеке тексеру кезінде одан жалпы салмағы шамамен 11 килограмм болатын гашиш майы салынған 12 пластикалық ыдыс тәркіленді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 286-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.