Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамының қарсаңында елде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің санын жарияляды, деп хабарлайды Paryz.kz.
2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны - 20 532 240 адамды құрап отыр. Ұлттар бөлінісіндегі көрсеткіш мынандай:
1.Қазақтар – 14 664 202 2.Орыстар – 2 943 022 3.Өзбектер – 695 557 4.Украиндар – 367 547 5.Ұйғырлар – 309 164 6.Немістер – 222 890 7.Татарлар – 218 361 8.Әзербайжандар – 157 568 9.Кәрістер – 120 821 10.Түріктер – 93 234 11.Дүнгендер – 88 165 12.Беларустар – 73 788 13.Тәжіктер – 61 307 14.Күрділер – 52 077 15.Қырғыздар – 41 459
Айта кетсек, қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,6 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың.
Ал өзбектер Түркістан облысында – 404 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады – 124 мың адам.