Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

Танымал боксшы Оразбек Асылқұловқа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір тумасы, танымал боксшы Оразбек Асылқұловқа екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Танымал боксшы Оразбек Асылқұловқа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды
Ақорда

Салтанатты шара барысында Марат Ахметжанов боксшыны облыстың мақтанышы екенін атап өтіп, оның жетістіктері жастар арасында спортты дамытуға зор серпін беретінін айтқан.

Өз кезегінде Оразбек Асылқұлов көрсетілген қолдау мен ықылас үшін ризашылығын білдірген. Оның айтуынша, берілген баспана алдағы жеңістер мен жаңа спорттық белестерге жетуге қосымша мотивация болады.

Ал боксшының жеке бапкері Ерлан Ғазизов 1 млн теңгенің сертификаты табысталған.