Прямая трансляция

Астана

Астана

18.48°C

Армения Қазақстанның су бастамасына қолдау білдірді

Армения президенті Ваагн Хачатурян Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммитте Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Армения Қазақстанның су бастамасына қолдау білдірді
Ақорда

Хачатурянның айтуынша, саммит экология мәселелері бойынша диалогты дамытуға маңызды алаң болды.

«Бұл форум мемлекеттік органдарды, ғалымдарды және азаматтық қоғамды біріктіріп, климаттың өзгеруі мен биоалуантүрліліктің азаюы сияқты өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді, - деді Ваагн Хачатурян.

Президент Арменияның да климат өзгерісінің салдарымен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті.

Соңғы жылдары елімізде орташа температура шамамен 1°C-қа өсті. Бұл үрдіс жалғасады деп күтілуде. Соның салдарынан су тасқыны мен құрғақшылық жиілеп, су ресурстары тапшылығы артып келеді, - деді ол. Оның айтуынша, әсіресе шалғай ауылдық өңірлерде ауыз су мәселесі өзекті болып отыр.

Су қауіпсіздігі халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді, - деді Хачатурян.