Алматы маңында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым жерде магнитудасы 3,3 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулері 2026 жылғы 22 сәуірде Астана уақытымен сағат 04:26-да болған.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Күнгей Ала-Тоо жотасы маңында орналасқан. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.