Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол пайда болады

Қазақстан мен Моңғолия президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз барысында көлік-тасымал саласындағы ынтымақтастыққа баса мән берілгенін айтты.

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол пайда болады
Ақорда

"Сондықтан Хурэлсух мырза екеуіміз Қазақстан мен Моңғолия арасында төте жол ашуға мүдделі екенімізді растадық. Кездесу барысында елдерімізді жалғайтын автокөлік жолын салу жөнінде ортақ келісімге қол жеткіздік", - деді президент.

Тоқаев бұл жан-жақты сараптап, мұқият зерделеуді қажет ететін күрделі мәселе болғанымен, ең бастысы, жол құрылысы бойынша мақсат бір екенін айтты. Сол себепті алдымен бірлескен үкіметаралық жұмыс тобы құрылады. 

"Аталған жұмыс тобы осы мәселе бойынша барлық түйткілді қарайды, көршілес елдермен келіссөздер жүргізеді және жалпы жобаның уақтылы орындалуын қадағалайды. Алдағы уақытта Қазақстан – Моңғолия автожолы елдеріміздің арасындағы сауда-саттықты арттыруға ерекше серпін беретіні анық. Бұл жолдың игілігін іргелес елдер де көретін болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Жиында Қазақстан президенті әуе қатынасын жандандыру маңызды екенін еске салды. "Қазір "Алматы – Ұлан-Батыр" бағытында тұрақты рейстер бар. Көп ұзамай "Астана – Ұлан-Батыр" әуе қатынасы қайта ашылады", - деді мемлекет басшысы.