Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады

Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін айтты.

"Біз Сіздермен барлық салада ынтымақтастықты дамытуға айрықша назар аударамыз. Беларусь мемлекеттілігіне, оның төл мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Ықпалдастығымыз, әсіресе, экономикалық салада дәйекті түрде дамып келеді деп айтуға толық негіз бар", – деді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді әрі өзара сенімге құрылған диалогты жалғастыру, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қажеттілігіне тоқталды.

Беларусь сыртқы істер министрі Қазақстанның бүгінгі саясатының түп негізінде қарапайым адамның, халықтың және мемлекеттің мүддесі жатқанын айтты. Ол мұндай әлеуметтік саясат екі елді жақындастырып, барлық бағыттағы байланысты бекемдей түсетініне сенім білдірді.