Синоптиктер 7-9 сәуірге арналған күн райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Метрологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстігінде және солтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Батыста және оңтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, ал солтүстікте жауын-шашын мол түседі. Республика бойынша жел күшейіп, батыста және оңтүстікте бұршақ жауып, дауыл тұруы да ықтимал.
Синоптиктердің болжамынша, тек елдің шығысында жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Сондай-ақ Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы +3...+15 градусқа дейін төмендейді.