Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қазақстандағы әрбір екінші неке ажырасумен аяқталып жатыр

Қазақстандықтар жиі ажырасып, некеге аз тұра бастады, деп хабарлайды Paryz.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандағы әрбір екінші неке ажырасумен аяқталып жатыр
Фото: pixabay

Өткен жылы 114,5 мың неке тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда шамамен 8%-ке аз. Ал ажырасу саны 12%-ке өскен. Өткен жылы 45 мыңнан астам неке бұзылды. Қазақстандағы әрбір екінші неке ажырасумен аяқталады.

Егер үш жыл бұрын 100 некеге 14 ажырасу болса, өткен жылы 40-қа жуық болған.

"Бұл модернизацияның нәтижелері, бұл қазіргі заманның қозғалысы, әлемдік үрдіс. Меніңше, онымен күресудің қажеті жоқ. Адамдар кейінірек жетіліп, сәйкесінше кейінірек үйленеді", - дейді Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі Құралай Мұхамбетова.

Маңызды факторлардың бірі - елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай. Төмен жалақы, жұмысқа орналасу проблемасы бар және қол жетімді баспана тапшы. Бұл ретте баспаналы болу да басты мәселе болып отыр.