Кеше кешке Семейде балалар ойын-сауық орталығында өрт шықты. 112-ге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, адамдар өздігінен эвакуация жасаған, деп хабарлайды Paryz.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 наурызда сағат 19:10-да "102" арнасына Семей қаласында орналасқан "Бала Парк" балалар ойын-сауық орталығындағы өрт туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел әрекет ету қызметтерінің өкілдері жетті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аумақ қоршауға алынды.
"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен жану аумағы анықталып жатыр", - деді ПД өкілдері.
ТЖМ мәліметінше, ТЖ күш-құралдары оқиға орнына 6 минут ішінде барды. Оқиға орнына жеткен сәтте ғимаратта өрт өршіп, шатыр ішінара құлаған. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша адамдар өздігінен эвакуацияланған.
ТЖМ жедел штабы құрылды. Оқиға орнында ТЖМ жеке құрамынан 120 адам мен 21 техникасы жұмылдырылды.
Өрт сағат 21:02-де оқшауланды. 22:10-да өрттің толық сөндірілгені белгілі болды.