Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шавкат Рахмоновтың жұбайы жол ережесін бұзғаны үшін 19 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы бір жылда жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 19 рет жауапқа тартылған. Бұл туралы Таразда жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша сот отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ге сілтеме жасап.

Шавкат Рахмоновтың жұбайы жол ережесін бұзғаны үшін 19 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Фото: pexels

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Жамбыл облысында адам өліміне себепкер болған жол апаты болғанға дейінгі бір жылда сотталушы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 19 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Прокурордың айтуынша, оның ішіне жылдамдықты асыру (сағатына 40 км-ден астам), тоқтау және тұрақ ережелерін бұзу, жол белгілерін елемеу және белгіленген талаптарды бұза отырып көлік құралын басқару кіреді.

Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы қауіпсіздік белдігін тақпау, жарықтандыру құрылғыларын пайдалану талаптарын бұзу және басқа да бұзушылық тіркелгенін атап өтті.

Қорғаушы тараптың айтуынша, көлікті тек Гүлайым Рахмонова ғана пайдаланбаған. Оны күйеуі мен оның ағалары да жүргізген болуы мүмкін.